ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Адам құқықтары
Семинарға қатысушылар цифрлық құқықтар саласында азаматтық технологияларды және шешімдер қабылдау процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды белсенді талқылауда, Астана, 2024 жылғы 30 қаңтар. (ЕҚЫҰ/Акбота Саржанова) Фотографияны қарау
Офис Қазақстанға адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын күшейтуге қолдау көрсетеді. Қазақстандағы құқық қорғау институттары мен азаматтық қоғамды күшейту маңызды басымдылық болып табылады. Сонымен қатар, Офис Қазақстан үкіметіне адам құқықтарын сақтау туралы ратификацияланған халықаралық конвенцияларды, ЕҚЫҰ шеңберіндегі қағидаттар мен міндеттемелерге сәйкес ұлттық заңдарды және ұлттық іс-әрекеттер жоспарларын іске асыруға көмектеседі. Ол адам саудасымен және үйдегі зорлықпен күресте, шыдамдылық қағидаттарын және әйелдер мен еркектердің тең мүмкіндіктерін жылжытуда, сондай-ақ БАҚ мәселелерінде көмек көрсетеді.