ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Гендерлік теңдік

Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің құқық қорғау қызметіне қатысуын кеңейту мәселелері жөніндегі аймақтық конференциясы, Астана, 2023 жылғы 14-15 қыркүйек. (ЕҚЫҰ) Фотографияны қарау
Офис азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен қоғамдағы гендерлік мәселелер бойынша хабардарлықты жоғарылату және әйелдердің саясат пен экономикаға шешім қабылдау деңгейінде қатысуына көмектесу үшін қызмет істейді. Офистің сарапшылары әйелдер мен еркектер тең құқықтары мен мүмкіндіктері саласында заң базасын жақсарту, сондай-ақ үйдегі зорлықпен күресу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және осы мәселелер бойынша жергілікті ҮЕҰ үшін оқу курстарын жүргізеді.