ЕҚЫҰ гендерлік теңдік туралы қоғамдық талқылауды қолдауда
2021 жылдың 2 желтоқсанында ЕҚЫҰ қолдауымен «Қазақстандағы гендерлік теңсіздік проблемасын талдау» тақырыбында қоғамдық онлайн талқылау өтті. ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар Офисі шараны MediaNet халықаралық журналистика орталығымен бірлесіп, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық науқаны аясында ұйымдастырды.
Шара Medianet орталығы өткізген Қазақстандағы гендерлік теңсіздікті бағалау бойынша қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелерін талдауға арналды. Қатысушылар Қазақстандағы гендерлік теңдік, гендерлік кемсітушілік негізінде туындаған дәмешілдік және журналист әйелдерді қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты талқылады.
Шараға ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар атынан 35-ке жуық қатысушы қатысты. Қатысушылар БАҚ-тағы ерлер мен әйелдерге қатысты стереотиптерді талдау нәтижелерін де талқылады.
Қоғамдық пікірталас Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын нығайтуда қолдау көрсетудегі жұмысының бір бөлігі болып табылады.