ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Шекаралық режим
Аустриядан келген полиция офицері қатысушыларға жалған жол жүру құжаттарын анықтау үшін «Докубокс» құралымен жұмыс істеуді түсіндіруде, Алматы, 22 сәуір 2019 ж.
(ЕҚЫҰ/Михаил Асафов) Фотографияны қарау
Офис трансұлттық ұйымдастырылған қылмыспен, есірткі мен химиялық прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөнінде, құжаттар қауіпсіздігі мен бір қалыпқа келтіру халықаралық әдістері жөнінде оқу семинарларын жүйелі түрде ұйымдастырады. Бұл қызметтің мақсаты – Қазақстандағы шекара қауіпсіздігі мен шекараны кешенді басқару туралы ЕҚЫҰ тұжырымдамасын жылжыту.