ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Қоршаған ортаны қорғау
«Қазгидромет» мамандары Қазақстандағы Жамбыл облысы Талас өзеніндегі Ойық гидрогеологиялық бекетінде су сынамаларын алуда, 27 сәуір 2021 ж.
(ЕҚЫҰ/Бибігүл Избаир) Фотографияны қарау
Су ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау және апаттар қаупін азайту Қазақстандағы ЕҚЫҰ экологиялық қызметінің негізгі тақырыптары болып табылады. Офис экологиялық мәселелер бойынша өңірлік ынтымақтастыққа жәрдемдеседі, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу жөніндегі күш-жігерін қолдайды және жұртышылықтың ақпаратқа қол жетуі және елдегі қоршаған орта аясында шешімдер қабылдауға қатысу туралы Орхусс конвенциясын іске асыруға ықпал етеді.