ЕҚЫҰ COVID-19 пандемиясы кезінде Орталық Азиядағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық онлайн конференцияны қолдайды
2021 жылдың 29 қазанында ЕҚЫҰ қолдауымен COVID-19 пандемиясы кезінде Орталық Азиядағы адам құқықтарын қорғау бойынша аймақтық онлайн-конференция өтті. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі, Душанбедегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі және Өзбекстандағы ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушісімен бірлесіп ұйымдастырды.
79-ға жуық қатысушы, соның ішінде Орталық Азияның мемлекеттік қызметкерлері, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтарымен жұмыс істейтін адамдардың қазіргі кездегі қиындықтарын, сондай-ақ қажеттіліктерін талқылады. Іс-шара қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы болды.
Іс-шара COVID-19 пандемиясы кезінде Орталық Азиядағы адам құқықтарының сақталуына шолу және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының ынтымақтастығындағына арналды.
Қатысушылар пандемия кезіндегі адам құқықтарымен жұмыс істейтін адамдардың қиындықтарын, қажеттіліктерін және тәжірибесін қорытындылады. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының аймақтық сарапшылары Орталық Азиядағы адам құқықтарының жағдайына шолу жасады.
Конференция Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын нығайтуда қолдау көрсету жөніндегі жұмысының бір бөлігі болып табылады.