ЕҚЫҰ Қазақстандағы ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресте тәуекелге бағдарланған тәсіл жөніндегі оқу семинарына қолдау көрсетуде
2018 жылдың 18 қыркүйегінде Алматыда Қазақстан Ұлттық банкінің, Қаржы мониторингі комитетінің және екінші деңгейдегі банктердің шамамен 70 өкілі үшін ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресте тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану жөніндегі екі күндік оқу семинары аяқталды.
Аустриядан, Нидерландтан және Америка Құрама Штаттарынан келген халықаралық сарапшылар қатысушыларды қаржы институттарын қадағалаған кезде тәуекелге бағдарланған тәсілді жүргізуге арналған әдіснамалық негізбен, сандық және сапалық көрсеткіштермен таныстырды. Олар клиенттерді қашықтан сәйкестендіруге байланысты тәуекелдерді бағалау тетіктерін, тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану, сонымен қатар Қаржы шараларын әзірлеу тобының (үкіметаралық ұйым) ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі талаптарын сақтау мәселелерін талқылады. Іс-шара барысында қатысушылар дәлелдер жинау және киберқылмыс оқиғаларын тергеу, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу, соның ішінде дербес деректерді қорғау бойынша озық тәжірибелерді және Еуропа Одағының Деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламентін сақтаудың тәжірибелік аспектілерін зерттеді.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Ұлттық банкімен және Астанадағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара тиісті басқаруды алға жылжыту және ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресуге жәрдемдесу бойынша Бағдарламалар офисінің көп жылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.