Дереккөздер
Құқық қорғау және шекаралық бақылау органдарының әлеуетін нығайту
1 қараша 2017
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету үшін ұлттық құқық қорғау және шекаралық бақылау органдарының әлеуетін нығайтуда жұмыс жасайды. Атап айтқанда, Офис Қазақстанға терроризмге апаратын зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен және радикалдандырумен (ТАЗЭР) және кибер қылмыспен күрес және алдын алуға көмектеседі, адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша нормативті-құқықтық құжаттарды іске асыруды қамтасамыз етеді, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ілгерілетеді, сондай-ақ гендерлік мәселелерді есепке алуда ықпалдастық етеді. Ерекше назар аймақтағы және одан тыс түрлі органдар мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бөлінеді.