ЕҚЫҰ қазақстандық мемлекеттік қызметкелерге реадмиссия бойынша танысу сапарын ұйымдастыруда
2016 жылғы 8-11 қараша аралығында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Орталық Азиядағы шекараларды басқару жөніндегі Еуропалық Одақ бағдарламасы (БОМКА) заңсыз көші-қонын басқару және реадмиссия рәсімдері бойынша Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрт қызметкерлері үшін Латвияның Рига қаласына танысу сапарын ұйымдастырды.
Сапардың мақсаты мигранттарды қайтару тәртібі мен баспанамен қамтамасыз ету жүйесін басқару бойынша тиісті мемлекеттік қызметкерлердің әлеуетін арттыру арқылы заңсыз көші-қонын басқару саласындағы үздік тәжірибелермен делегацияны таныстыру болды.
Қатысушылар Латвияның Мемлекеттік шекара күзетінің басты басқармасына, Рига қаласының азаматтар және көші-қон істері басқармасына және Латвияның мемлекеттік шекара күзетінің Даугавпилс басқармасына сапар жасап, жергілікті қызметкерлермен кездесулер өткізді, сондай-ақ екі ел арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Аталған танысу сапары қабылдаушы елде шекара қауіпсіздігін нығайту және еңбек көші-қонын тиімді басқаруға қатысты Офистің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.