ЕҚЫҰ Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын қолдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару реформалары саласындағы келесі қадамдар бойынша семинар 2016 жылғы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өтті.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ұлттық экономика министрлігімен және Әділет министрлігімен әріптестікте шамамен 70 орталық және облыстық әкімшіліктің лауазымды адамдары, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының шағын қалалары мен ауылдық округтарының әкімдері үшін ұйымдастырды.
Биліктің орталық органдарының өкілдері жергілікті деңгейде дербес бюджет пен коммуналдық меншікті енгізу сияқты жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнамалық түзетулер жобасын талқылады. Өз кезегінде, жергілікті билік өкілдері жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын іске асыру мәселелерін, сондай-ақ осы саладағы құқықтық және институционалды базаны одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алысты.
Аталған тақырып бойынша келесі семинар 2016 жылдың қараша айында Шығыс Қазақстан облысында өтеді.
Іс-шара Қазақстанда тиісті басқаруды жылжытуға және демократиялық дамуға бағытталған Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.