ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференция Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын дамытуын жылжытуда
2015 жылдың 11 желтоқсанында Астанада сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының қазіргі заманғы мәселелері жөнінде халықаралық конференция ЕҚЫҰ қолдауымен өткізіліп, оған мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың шамамен 70 өкілі қатысты.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аггеттікпен, Сыртқы істер министрлігімен, БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және «Транспаренси Казахстан» қоғамдық қорымен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Қатысушылар жүріп жатқан институционалды және құқықтық реформалар тұрғысынан сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы мемлекеттік саясатты талдады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі тиімді басқаруды одан әрі ынтыландырудың негізгі басым бағыттары ретінде ЕҚЫҰ қолдауымен әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы методикалык құралының, сондай-ақ оқуды жетілдіру және сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тетіктерін құру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын баса айтты. Баяндамашылар ынтымақтастыққа ерекше мән берді және академиялық мекемелерде оқуды қолдау қажеттілігін атап өтті.
Бұл іс-шара тиімді басқару және қабылдаушы елде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы Офистің көп жылғы жұмысына негізделді.