ЕҚЫҰ Орталығы Оңтүстік Қазақстанда су ресурстарын тұрақты басқаруға көмектеседі
2014 жылғы 27 және 28 маусымда Оңтүстік облысы Қызылорда қ. ЕҚЫҰ қолдауымен су ресурстарын басқару жөнінде семинар өткізілді, оған Арал-Сырдария бассейні кеңесінің шамамен 30 мүшесі, сондай-ақ жергілікті билік, білім, бизнес-бірлестіктері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараны астаналық ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырды. Сондай-ақ өңірлік билік те көмек көрсетті.
Семинар бассейін кеңесі мүшелерінің, су қорғау органдары шенеуніктерінің, сондай-ақ азаматтық қоғам мен жеке сектор әріптестерінің Арал теңізінің бассейнін тұрақты басқару саласындағы білімін толықтыруға және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. Сондай-ақ, оның мақсаты шешімдер қабылдау үдерісінде мүдделі тараптардың рөлін күшейту болды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Орталығының экологиялық тұрақты дамуды ұлттық сияқты, сондай-ақ өңірлік деңгейде дамыту жөніндегі қызметі шеңберінде өтті.