ЕҚЫҰ – Еңбек көші-қонының басқарылуын жақсарту мәселесіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырушыларының бірі
2013 жылдың 20 қарашасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы еңбек көші-қонының басқарылуын жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қолдауымен өткізілді.
Кездесуге шешімдердің қабылдану барысына қатысатын, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Көші-қон полициясының, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер қауымдастығының мүддесін ұсынатын 20 жуық лауазымды тұлға мен сарапшылар қатысты.
Жиын барысында Көші-қон комитеті мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілдері атқарылып отырған жұмыстар, алға қойылған жоспарлар мен көші-қонды басқару саласындағы заңнама жөнінде баяндады. Халықаралық сарапшылар көшіп-қонушылардың ұлттық интеграциялану саясатын саралап, жетілдіру үшін қолданылатын саяси тәсімдер мен «көшіп-қонушылардың интеграциялану саясатының индексі» әдістемесінің қолданысы жөнінде айтты.
Дөңгелек үстел жыл барысында өткізілген төрт шараны аяқтап, олардың нәтижесі бойынша Қазақстандағы көші-қон мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық базаны жақсарту бойынша ұсыныстар берілген қорытынды құжат қабылдады.