ЕҚЫҰ Оңтүстік Қазақстан өңірінің су ресурстарын басқару мәселесіне арналған семинарға қолдау көрсетуде
2013 жылдың 21 қазанында Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жасыл экономиканың ұлттық стратегиясы контекстінде су ресурстарын бірігіп басқару жөнінде алты күндік семинар өз жұмысын бастады. Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен құрылған оқу орталығында өтуде.
ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған семинарға Арал теңізі мен Сырдария бассейні кеңесі басшыларының өкілдері қатысуда. Іс-шараның мақсаты – жасыл экономикаға көшуге байланысты негізгі ұғымдарды енгізу. Семинар қатысушылары ауыл шаруашылығындағы егіс алқаптарын суарудың тиімді әдістерін, су ресурстарының жауаптылықпен пайдаланылуын, судың шығымын азайту және суды пайдалану тиімділігін арттырудың және табиғи экожүйені, соның ішінде Көкарал бөгетінің маңындағы Сырдарияның жаңа атырауындағы су-батпақ жерлерді сақтап қалу жолдарын жан-жақты талқыға салатын болады.
Осы концепцияны іске асыру үшін қатысшуларға арналған аймақтық және ұлттық іс-қимылдар бойынша тәжірибелік тренинг өткізілетін болады. Мұнымен қоса семинар барысында жаңа дағдыларды игеру мақсатында бассейндер аумағына сапар ұйымдастырылатын болады.
Семинар ЕҚЫҰ Орталығының Халықаралық су құқығын жүргізуге және Өзен бассейні басшылары кеңесінің деңгейінде әлеуетті арттыруға бағытталған қызметі аясында өткізіліп отыр.