ЕҚЫҰ орталығы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға жәрдемдесуде
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы 2013 жылы 14 және 16 қазан аралығында ҚР тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі қолданыстағы заңнамасын жақсырақ түсіндіру және қолдану мақсатында Алматы қаласының полиция инспекторларына арналған оқу семинарын өткізді.
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының заң кеңесшісі Алматы қаласының жеті ауданы бойынша 100 тарта полиция қызметкерлері арасында тұрмыстық зорлық құрбандарымен жұмыс жүргізудің құқықтық механизмдері мен гендерлік аспектілері тақырыбына арналған төрт семинар өткізді.
Семинарларға тұрмыстық зорлық жағдайымен алғаш рет бетпе-бет кездескен полиция инспекторлары қатысты. Семинар жұмысы гендерлік айырмашылықтарды тереңірек түсіну, заңнама мен тұрмыстық зорлық мәселелері жөніндегі іс жүргізу нормаларындағы ерекшеліктер турасындағы білімді жетілдіру, тұрмыстық зорлық жағдайын жоғары тиімділікпен басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.
Семинар қатысушылары тұрмыстық зорлықтың алдын алу үшін ол жөнінде көбірек мәлімет білудің маңыздылығын талқылады. Мұның барлығы қоғамның көзқарасын және әйелге қарсы зорлықтың қабылдану моделін өзгерту, осы проблеманың ауқымын халық пен жергілікті үкіметтік мекемелерге ашып көрсету, сондай-ақ зорлық-зомбылық жағдайларын жасыруды доғаруға үндеу мақсатында халық пен мемлекеттік қызметшілер арасындағы жұмыстарды қамтиды.
Аталмыш жобаға қосымша демеуші: «UN Women» және жергілікті «Подруги» ҮЕҰ. болды.