ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда эко-журналистиканы оқытудың екі жылға созылған бағдарламасын аяқтауда
2013 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткізіліп келген экологиялық журналистика мәселесі жөніндегі екі жылдық бағдарлама өз мәресіне жетті.
Бағдарлама іске асырылған екі жыл аралығында Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Шымкент қалаларында өткізілген оқу семинарларына Қазақстанның әр аймақтарынан 140 астам журналист қатысты.
Бүгін де ұлттық сарапшылардың басшылығымен 30 жуық кәсіпқой журналистер мен журналистика факультетінің студенттері қатысқан қорытынды семинар өткізілді. Шара нәтижесінде «Экологиялық журналистика жөніндегі практикалық нұсқаулық» атты жарияланым шығарылып, көпшілік назарына ресми түрде ұсынылды».
Нұсқаулық пен барлық оқыту семинарларын ЕҚЫҰ орталығы мен «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы бірлесіп әзірледі. Аталған жоба ЕҚЫҰ Орталығының экологиялық ақпаратқа оңай қол жеткізу, қоғамның шешімдердің қабылдануына қатысу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелеріне бағытталған қызметінің бір бөлшегі болып табылады.