ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда дауларды соттан тыс шешуді, татуластыру механизмдерін жетілдіру ісін қолдауда
Қазақстанда қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде медиацияны дамыту 2013 жылғы 18 маусымда Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен өткен халықаралық конференцияның басты тақырыбына айналды.
Іс-шара Орталық пен Бас прокуратураның бірлесіп, Жоғарғы сот, Әділет министрлігі, ЕО Қазақстандағы Өкілдігі, «Халықаралық абақты реформасы» халықаралық үкіметтік емес ұйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту бағдарламасымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Конференцияға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары қызметтегі өкілдері, парламент мүшелері, сот органдарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, қызметтегі заңгерлер, ғалымдар және сарапшылар қауымдастығы тарапынан 250 астам өкіл қатысты.
Шара қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде медиация туралы тұжырымдаманың жобасына арналды. Тараптарды соттың араласуымен және соттан тыс уағдаласу арқылы татуластыруға мүмкіндік беретін тәжірибелер талқыланды. Қатысушылар дауларды шешудің құқықтық мәдениетін, сонымен қатар жеңілдетілген процедураны кеңінен қолдану арқылы деликтілік талап арыз беру процедураларын жеңілдетуді қарастырды. Сонымен қатар олар бітістірушілік саласындағы ең үздік тәжірибелерді талқылады, бұл ретте жұртшылықтың бітістірушілік тәжірибесіне сенімі сияқты мәселелерге айрықша назар аударылды. Олар бітістіру және татуластыру тәжірибелерін жақсарту үшін заңнамалық және практикалық шаралар бойынша бірқатар ұсыныстарды шығарды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев ЕҚЫҰ Орталығының, БҰҰДБ, «Халықаралық абақты реформасы» және ЕО шараны ұйымдастыруға қосқан үлестерін жоғары бағалады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны одан әрі дамыту үшін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті. «Осында отырғандардың көбісі өткен жылдың наурыз айында өткен пенитенциялық жүйені реформалау жөніндегі алғашқы форумды осы ұйымдардың қолдауымен өткізілгенін ұмытпаған болар. Қазіргі уақытта сол форум ұсыныстарының шамамен 90% жүзеге асып жатыр. Біз бүгінгі ұсыныстар соның жалғасы болатынына үміттенеміз»,- деп атап өтті Бас прокурор.
Шара ЕҚЫҰ стандарттарына және міндеттемелеріне сәйкес Қазақстанның өз заңнамасын реформалау жөніндегі әрекеттерін қолдау бойынша Орталықтың ұзақ мерзімді қызметі аясында өткізіліп отыр.