ЕҚЫҰ Орталық Азияның құқық қорғау органдарына арналған оперативтік деректер мен ақпаратқа негізделген полиция қызметі бойынша аймақтық семинар ұйымдастыруда
ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптер департаментінің Полиция қызметі стратегиялық мәселелер бойынша бөлімі (ПҚСМБ) далалық миссиялармен бірлесе отырып, 2020 жылдың 15-16 қазанында Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан құқық қорғау органдарының жоғары деңгейдегі өкілдері үшін оперативтік деректер мен ақпаратқа негізделген полиция қызметі (ОДАПҚ) бойынша аймақтық оқыту семинарын ұйымдастырды.
Өзбекстандағы ЕҚЫҰ Жобалар үйлестірушісі Джон МакГрегор, Ашхабадтағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Наталья Дрозд, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы Дьердь Сабо және Душанбедегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысының орынбасары Теа Джалиашвили онлайн-тренингке қатысушыларды қошаметтеді.
Семинар фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау және жоспарлау үшін ақпарат пен деректерді қолданатын полиция қызметі мен құқық қорғау органдарын басқарудың заманауи басымды моделі ретінде ОДАПҚ мәселелеріне арналды. Бұл полицияның тиімді жұмысына қолдау жасайды. ОДАПҚ-да негізгі орынды қылмыстық барлау алады - ұлттық және халықаралық заңдарға, сондай-ақ деректерді қорғау және адам құқықтары стандарттарына сәйкес жинақталатын және өңделетін мәліметтер мен ақпараттар.
Қатысушылар ЕҚЫҰ ОДАПҚ бойынша нұсқаулығымен таныстырылды және Сербия, Нидерланд және Біріккен Корольдіктегі ұлттық деңгейдегі, сондай-ақ Интерпол тұрғысынан аймақтық және жаһандық деңгейлердегі ОДАПҚ іске асыруынан алынған тәжірибе, озық практикалар мен сабақтармен алмасты. Қатысушылар сонымен қатар өз елдерінде ОДАПҚ енгізудің әлеуетті артықшылықтары мен қиындықтарын талқылады.
Тренингтің қорытындысы бойынша ПҚСМБ ОДАПҚ қажеттіліктерін бағалау сауалнамасының нәтижелерімен таныстырды және ЕҚЫҰ аймағында ОДАПҚ жүзеге асырудың жаңа бюджеттен тыс жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Жаңа жобаның негізгі бағыты хабардарлықты арттырудан белсенді әлеуетті арттыру мен техникалық көмек көрсету шараларына ауысады.