Қазақстанға келген сапарында ЕҚЫҰ арнайы өкілі адам саудасының құрбандарын қолдауды күшейтуге шақырды
1-3 шілде 2013 жылы ЕҚЫҰ арнайы өкілі және адам саудасымен күрес жөніндегі үйлестірушіcі Мария Грация Джаммаринаро Қазақстанға келді. Ол Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен ұйымдастырылған халықаралық және ішкі адам саудасына қарсы күрестің заманауи әдістері және құралдары жөніндегі пікір алмасуға бағытталған жоғарғы деңгейдегі кеңесті өткізіп шықты.
Қазақстанда адам саудасы мәселесі бойынша кері үрдіс жиі байқалуда, әсіресе ауыл шаруашылығына, құрылысқа және үйдегі жұмысқа тартылған қоныс аударушыларға байланысты деректер кең етек жайған. Қазіргі таңда мигранттарды жәбірлеу және қанау, сонымен қатар ішкі адам саудасын алдын алу және онымен күресу міндеті тұр.
«Қазақстан өз заңнамасын жақсарту бойынша біршама күрделі шараларды қабылдады және адам саудасы құрбандарына өтемақы төлеу үшін мемлекеттік қорды құруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті Джаммаринаро. «Қазіргі уақытта құрбандарға үкіметтк емес ұйымдармен ынтымақтастыққа негізделген көмекті және қолдауды жетілдіру негізгі ұран болып отыр. Осыған орай, тиісті ұлттық механизмдер құрылып, қаржыландыру қамтамасыз етілуі тиіс».
Джаммаринаро сапар барысында жоғары қызметтегі шенеуніктермен кездесті, солардың ішінде Әділет министрі Берік Имашев және Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция комитетінің, Сыртқы істер министрлігінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жоғарғы соттың, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және үкіметтік емес ұйымдар жанындағы оңалту орталықтарын қосқанда, басқа құрылымдардың өкілдері бар.
Сонымен қатар арнайы өкіл Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қызметкерлерімен кездесіп, адам саудасын алдын алуға және онымен күресуге және жұмыс көші-қон мәселелерін шешуге қатысты ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындауда Қазақстанның мүдделі тараптарын қолдау бойынша Орталықтың қызметін талқылады. Отырыстарға Астанадағы Орталықтың жетекшісі Елші Наталия Зарудная, сонымен қатар Орталық жетекшісінің орынбасары Жаннет Клетцер қатысты.
Джаммаринаро Қазақстанның Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен ынтымақтастықта қабылдаған іс-әрекеттердің, соның ішінде судьяларды оқыту жөніндегі бірнеше семинарлардың маңыздылығын атап өтті. Ол адам саудасымен күресуде азаматтық қоғамның маңызды рөлін, әсіресе адам саудасын алдын алу, анықтау және оның құрбандарына көмек және қолдау көрсету жөніндегі шараларға қатысты орнын, сонымен қатар еңбекпен қанау мақсатында адам саудасын алдын алуда жеке сектордың рөлін мойындау қажеттілігін атап өтті.