Мәжбүрлі қайыр сұрау адам саудасының бір түрі ретінде ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің басты бағыты болып табылады
2022 жылы 28 қаңтарда Орталық Азия контексінде мәжбүрлі қайыр сұрау және еңбек қанауы тақырыбына арналған дөңгелек үстел аяқталды. Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен серіктестікте онлайн-іс-шараны ұйымдастырды.
Құқық қорғау органдарының, Бас прокуратураның, үкіметтік емес ұйымдардың және академиялық топтардың 37 өкілі өңірлік мемлекеттердің адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам арасындағы еңбекті қанауға қарсы күрестегі өңірлік ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін талқылады. Молдова, Ресей және Қырғызстан сарапшылары адам саудасына байланысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету және оған кедергі жасау саласындағы өз елдерінің озық тәжірибесін ұсынды.
Іс-шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам саудасына қарсы тиімді күрес және оның құрбандарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіру қажеттілігіне қатысты Жолдауын іске асыру мақсаттарына қызмет етеді.
Бұл іс-шара адам саудасына қарсы күресте және ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындауда ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге қолдау көрсету жөніндегі көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.