ЕҚЫҰ «InternetCA-2022 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» XII Орталық Азия форумын қолдайды
2021 жылы 19 қарашада Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен «InternetCA-2022 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты екі күндік XII Орталық Азия интернет-форумы аяқталды. Шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Конрад Аденауэр атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырды.
Шара Орталық Азиядағы Интернетті реттеудің ұлттық заңнамалық тәжірибесін, Интернетті реттеудің халықаралық стандарттарын, сөз бостандығын және өзін-өзі реттеу мүмкіндіктерін талқылауға арналды. Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстандағы балаларды кибербуллингтен қорғау және шетелдік әлеуметтік желілерді Қазақстанда міндетті тіркеу туралы заңнамалық бастаманы талқылады.
Форумға 45-ке жуық қатысушы, соның ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен келген тәуелсіз ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.
Оқыту семинары Бағдарламалар Офисінің қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын нығайтуда қолдау көрсетудегі жұмысының бір бөлігі болып табылады.