ЕҚЫҰ капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі семинарды қолдайды
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі екі күндік семинарды 2021 жылы 15 қазанда Нұр-Сұлтанда аяқтады.
Семинар Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп аралас форматта ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік органдардан 70-ке жуық өкіл қатысты.
ЕҚЫҰ қолдауымен шақырылған Ресей Федерациясының сарапшысы қатысушыларды капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл бойынша реттеу мен құқық қолданудың халықаралық механизмдерімен, сондай-ақ ұрланған активтерді шыққан елдерге қайтару шараларымен таныстырды. Сондай-ақ, ол капиталды заңсыз шығарудың негізгі типологияларына және күдікті қаржылық операцияларды анықтау әдістеріне шолу жасады. Практикалық кейстерді талдай отырып, қатысушылар капиталды заңсыз шығаруға қарсы күрес жөніндегі шараларды талқылады және сәтті ведомствоаралық ынтымақтастықтың мысалдарымен танысты.
Семинар Бағдарламалар офисінің тиісті басқаруды ілгерілету және ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес саласындағы көпжылдық күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.