Экологиялық мәселелер Солтүстік Қазақстан облысында ЕҚЫҰ-ның дөңгелек үстел талқылауының басты назарында
2021 жылғы 24 маусымда Петропавлда негізгі экологиялық проблемалар мәселелері бойынша дөңгелек үстелге Парламент, жергілікті атқарушы билік, жеке компаниялар мен қоғамдық ұйымдардан шамамен 28 қатысушы, оның ішінде 12 әйел мен 16 ер адам қатысты. Іс-шараны Экологиялық ұйымдар қауымдастығымен серіктестікте ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдегі талқылау Петропавлдағы және оның маңындағы негізгі экологиялық проблемаларға, сондай-ақ жақында қабылданған Экологиялық кодексті ескере отырып, оларды шешу жолдарына бағытталды. Жаңа кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді. Сондай-ақ, қатысушылар қала сыртындағы экологиялық ластанған жерлерге барып, Петропавлдың кәріз-тазарту құрылысындағы және қоқысты қайта өңдеу объектісіндегі жағдаймен танысты.
Аталған іс-шара экологиялық проблемаларды анықтау және шешім қабылдаушылардың назарын аудару мақсатында өңірдегі экологиялық мониторингтік сапарлар сериясындағы үшеуінің біріншісі болып табылады. Сондай-ақ шақырылған мүдделі тараптарға жақында қабылданған Экологиялық кодекстің негізгі ережелері туралы түсіндіру де орын алды. Келесі іс-шаралар осы жылдың соңына дейін Жамбыл және Павлодар облыстарында жоспарланып отыр.
Іс-шара «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілету және орнықты даму қағидаттарын енгізу арқылы Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.