ЕҚЫҰ Қазақстандағы адам саудасына мен еңбек қанауына қарсы күрес жөніндегі халықаралық дөңгелек үстелді қолдауда
2021 жылдың 29 қаңтарда аяқталған халықаралық дөңгелек үстелдің басты назарында Қазақстанда және ЕҚЫҰ-ға қатысушы басқа мемлекеттерде еңбек қанауына қарсы күрестегі ұйымдастырушылық тетіктерді нығайту және ынтымақтастықты дамыту болды.
Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен, ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі мен үйлестірушісінің кеңсесімен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Құқық қорғау органдарының, Бас прокуратураның, үкіметтік емес ұйымдардың және академиялық топтардың 43-ке жуық өкілі өңірлік мемлекеттердің адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам арасындағы қазіргі заманғы құлдыққа қарсы күрестегі өңірлік ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін талқылады. Қырғызстан, Украина және Өзбекстан сарапшылары өз елдерінің адам саудасына байланысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету және оған қарсы іс-қимыл саласындағы озық тәжірибесін ұсынды.
Бұл іс-шара адам саудасына қарсы күресте және ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындауда қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.