Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы гендерлік теңдік және адам құқықтары жөніндегі тренингтер топтамасы шеңберінде екінші семинар ұйымдастыруда
2020 жылғы 11 желтоқсанда гендерлік зорлық-зомбылықты анықтау және оған қарсы тұру проблемаларына арналған ЕҚЫҰ қолдаған оқыту семинары аяқталды.
Жиырма тоғыз азаматтық қоғамның өкілдері, кәсіпкер әйелдер, студенттер мен жас мамандар «Тұрмыстық зорлық-зомбылық: түрлері, алдын алу және көмек көрсету» вебинарына қатысты. Қатысушыларға гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті және халықаралық заңнама туралы, сондай-ақ СOVID-19 пандемиясы кезеңіндегі статистикалық деректер туралы ақпарат берілді. Зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау проблемасына, зорлаушының психологиялық бейнесіне және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің ұзақ мерзімді салдарларына ерекше назар аударылды.
Вебинар қоғамның назарын гендер мәселелеріне аудару мақсатында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің бастамасымен гендерлік теңдік және адам құқықтары жөніндегі тренингтер сериясының бөлігі болып табылады. Семинарлар сериясы 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың ақпанына дейін өтеді.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде гендерлік ұстанымды ілгерілетуге және экономикалық бастамаларды кеңейтуге бағытталған көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.