Сот төрелігін цифрландыру ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Қазақстан адвокаттары форумының назарында
2020 жылы 27 қарашада Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы Қазақстан адвокаттарының бесінші форумын ұйымдастырды.
150 жуық қатысушы, оның ішінде аймақтық адвокаттар алқасының өкілдері, парламент депутаттары, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің өкілдері, ғалымдар, сондай-ақ жергілікті және халықаралық заң сарапшылары сот төрелігін цифрландырудың негізгі тенденциялары мен проблемалары мен оның адвокатураға тигізетін әсерін талқылады.
Қатысушылар пандемия кезінде ‘онлайн’ сот төрелігі, соған байланысты әділ сот кепілдіктері және сандық дәуірде адвокатураның тәуелсіздігінің кепілдіктері мәселелері туралы сөз қозғады. Олар адвокат құпиясы мен деректердің сақталуына байланысты цифрлық қатынасудың рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.
Германияның Федералды адвокаттар алқасының өкілі қорғаушылар үшін арнайы электрондық пошта жәшіктерінің артықшылықтарын атап өтсе, Ресей Федерациясы мен Украинаның адвокаттары цифрлық трансформация және онымен байланысты ішкі тәртіп ережелерімен бөлісті. Ұлыбританиялық халықаралық сарапшы Англия мен Уэльстегі онлайн-соттардың жұмысы және соған байланысты іс жүргізу туралы айтты. Қазақстанда құқық қорғау және сот жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің дамуына ерекше назар аударылды.
Биылғы жылы онлайн тәртібінде өткен форум Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі заңның үстемдігін нығайту және қылмыстық сот төрелігі реформасын қолдау жөніндегі көпжылдық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.