Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі заңнамалық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы бойынша онлайн вебинарды қолдауда
2020 жылы 19 қарашада ЕҚЫҰ қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама бойынша оқыту вебинары өткізілді. Оны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Құқықтық медиа орталығы» ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топтың 50-ге жуық өкілі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшыларды іріктеу жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықты тудыратын факторларды анықтау және осы факторларды жою үшін құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздеріне тоқталды.
Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа негіз болатын анықталған нормаларды жою бойынша ұсыныстарды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басталуын болдырмауға арналған ұсыныстарды дайындау мәселелерін талқылады.
Литвадан өкілдік ететін сарапшы нормативтік-құқықтық актілердегі түсініксіздікті, кемшіліктерді, олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жоюға назар аударды және өз елінің осы мәселедегі озық тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл вебинар Бағдарламалар офисінiң тиісті басқаруды ілгерілету мақсатымен атқарылып келе жатқан көпжылдық жұмысының нәтижесі болып, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.