ЕҚЫҰ Қазақстанда Ластағыштарды шығару және тасымалдау тіркеліміне есеп беру туралы онлайн-семинарды қолдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған Ластағыштарды шығару және тасымалдау тіркеліміне (ЛШТТ) есеп беру бойынша онлайн-семинар 2020 жылдың 18 тамызында Қарағанды облысының жеке және азаматтық секторының шамамен 45 өкілі үшін өтті.
Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» (ЭкоMұражай) қоғамдық қорымен серіктестікте ұйымдастырған төрт семинардың біріншісі болып табылады. Осы жылдың соңына дейін тағы үш семинар өткізіледі. Іс-шара қолданыстағы ұлттық заңнамаға, ЛШТТ туралы хаттамаға сәйкес міндеттемелерге және Қазақстанда ластаушы заттардың мониторинг жүйесін іске қосудың практикалық аспектілеріне бағытталған.
ЭкоМұражай мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің спикерлері бизнес сектор өкілдеріне шығарылымдар туралы деректерді мемлекеттің уәкілетті органына ұсынудың процедуралық аспектілері туралы айтты. Сондай-ақ, қатысушылар ластаушы заттарды санау және үкімет әзірлеген есеп жөніндегі онлайн порталға енгізу әдістері туралы да білді.
ЛШТТ Хаттамасы 2003 жылы Киевте, Украинада қабылданды, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары туралы ақпаратты қамтитын жалпыға қолжетімді тіркелімді бекітуді тараптардан талап ететін міндетті құқықтық құжат болып табылады. 2019 жылы Қазақстан БҰҰ ЕЭК-тің Ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдықтың қоршаған орта мәселелері бойынша шешімдер қабылдауына және сот төрелігіне қол жетімділігі туралы конвенцияға (Орхусс конвенциясы) ЛШТТ туралы хаттамасына қосылды, бұл ретте ол отыз жетінші тарап және ЛШТТ туралы хаттамаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болды.
Аталған семинар Қазақстанда Орхус конвенциясының халықаралық стандарттарын ілгерілетуге бағытталған Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.