ЕҚЫҰ үйдегі киберқауіпсіздік бойынша семинарды ұйымдастыруда
Киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2020 жылғы 11 маусымда ұйымдастырды.
50-ден астам мемлекеттік органдар қызметкерлері, азаматтық қоғам жетекшілері, студенттер мен жалпы жұртшылық үшін өткізілген семинарда сарапшылар цифрлық гигиена, карантиннен кейінгі киберкеңістіктегі өмір және әлеуметтік желілерде орын алатын айлакерлік мәселелерін талқылады.
Іс-шара киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер, соның ішінде қаржылық қылмыстар мен балаларға төнетін қауіптер туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізілді. Бұл COVID-19 таралуын болдырмау бойынша қабылданған мемлекеттік шараларға байланысты қазіргі кездегі көпшіліктің бір-бірімен байланысуы және Интернет арқылы жұмыс істеуі үшін өздерінің көп уақытын онлайн өткізетінін ескерді.
Қатысушылар семинарға онлайн платформа арқылы қатысып, өздерінің сұрақтарына нақты уақыт режимінде сарашылардың жауаптарын алуға мүмкіндігі болды.
Бұл іс-шара трансұлттық қауіп-қатерлер, соның ішінде киберкеңістіктегі қауіптер туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруды ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.