ЕҚЫҰ Бас хатшысы Орталық Азия жастар желісінің түлектерімен кездесті
Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) бес қатысушысы 2019 жылғы 4 қазанда Венада ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті. Орталық Азиядағы қауіпсіздік, ЕҚЫҰ қызметі және оның қауіпсіздікті тегіс қамти алатын тәсілдемесі мәселелері талқылаулардың басты назарында болды.
Қатысушылар тобы ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысына қатысты және ЕҚЫҰ Хатшылығының әртүрлі бөлімдерінің қызметі туралы білді. Сондай-ақ, олар БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілінің, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының қызметі туралы білді.
Қатысушылар ЕҚЫҰ Албаниядағы Миссиясынан келген Жастар консультативтік тобымен бірлесіп ЕҚЫҰ Төрағалығының өкілдерімен және басқа ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің делегацияларымен, соның ішінде өз елдерінің делегацияларымен кездесті.
ЕҚЫҰ Хатшылығының Жастар мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Анна-Катарина Дайнингер, және де 2019 жылдың маусымында CAYN семинарына қатысқан ЕҚЫҰ Төрағалығының жастар және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Самуэль Года ЕҚЫҰ өңіріндегі кешенді қауіпсіздік сын-қатерлерін шешуде жастарды жылжытуда Төрағалықтың басымдықтарын талқылады.
Сонымен қатар, қатысушылар ЕҚЫҰ жастар және қауіпсіздік мәселелері тобының кездесуіне қатысты, онда олар CAYN желісіндегі өздерінің рөлі туралы айтып берді және CAYN үлгісін басқа өңірлерде қалай қолдануға болатыны туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Қазақстаның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түркменстанның CAYN түлектері маусымда өткен CAYN 2019 семинарына қосқан белсенді үлесінің нәтижелері бойынша танысу сапарға қатысу үшін іріктеп алынды. Осы жылғы семинар «Мағлұматтар. Диалог. Цифрлық қауіпсіздік» тақырыбына баса назар аударды және Орталық Азия кеңейтілген өңірінен шамамен 35 CAYN студенті мен түлектерін жинады.
Іс-сапарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бішкектегі Бағдарламалар офисінің және Қақтығыстардың алдын алу орталығының қаржылық және логистикалық қолдауымен ұйымдастырды.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы, студенттер қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлерді, сондай-ақ осындай сын-қатерлерге орай ЕҚЫҰ әрекет ету рөлін білу және түсіну мақсатында құрылды.