Дереккөздер
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп
Осы мониторингтің негізгі мақсаты заңнамадағы қайшылықтарды, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық номаларын анықтау арқылы заңнаманы бағалау және болжау бойынша қызмет, сондайақ заңнаманы және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің оны іске асыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
Бұл басылым «Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы саласындағы заңнамаға және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг жасау туралы» жобаның шеңберінде ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің қаржылай қолдауымен жарияланды.
Осы құжатта жарияланған көзқарастар, ой-пікірлер және басқа да ақпарат Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) көзқарасы болып есептелмейді, егер құжаттың авторы ЕҚЫҰ екендігі көрсетілген жағдайда ғана, ол ұйымның көзқарасы болып саналады.