ЕҚЫҰ Қазақстанда 2011 жылғы Вена құжатының нормалары бойынша әскери қызметкерлерді оқытуда
2023 жылдың 25 мамырында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 2011 жылғы Вена құжатының іс жүзіндегі қолданысы бойынша Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Түркменстан елдерінің 27-ге жуық әскери қызметкерлеріне арналған аймақтық оқыту курсы аяқталды.
ЕҚЫҰ барлық қатысушы-мемлекеттерімен қабылданған Вена құжаты мемлекеттерге өздерінің әскери күштері мен әскери қызметі туралы ақпарат алмасуды жүктейді. Сонымен қатар, құжатта ауданды тексеру мен есептеме жүргізу мен беру бойынша сапарлар кезінде қабылдаушы тараптың функцияларын қамтамасыз ету сияқты сәйкестілік пен тексеру туралы баптар, сонымен қатар тәуекелді азайту, әскери байланыстар мен ықпалдастық және әскери қызметтің нақты түрлері бойынша алдын ала хабарлама беру мәселелері қамтылған.
Семинар өзара түсіністікті арттыруға, қазіргі заманғы оқиғаларды ескере отырып, сенім және қауіпсіздік шараларының рөлін арттыруға және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Орталық Азиядағы және Моңғолиядағы әскери ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Франция, Бенилюкстің Қаруды бақылау агенттігі және ЕҚЫҰ-ның Қақтығыстарды алдын алу жөніндегі орталығының әскери және азаматтық сарапшылары Вена құжатының тексеру орталықтары арасындағы ынтымақтастық және ұйымдастыру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Оқыту курсы шеңберінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорларының дәрістері мен теориялық жаттығулар өткізіліп, Вена құжаты баптарына сәйкес сәйкестілік пен тексеру бойынша семинар қатысушыларының сәйкестік және тексеру туралы Вена құжатының ережелеріне сәйкес симуляциялық бағалау жүргізген Астана маңындағы 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригадаға оқу тексеру сапары жүзеге асырылды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысының орынбасары Юрий Фенопетов: «ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер қақтығыс қаупін азайту, сенімді арттыру және әскери жоспарлау мен іс-әрекеттегі ашықтықты арттыру мақсатында қару-жарақты бақылауды, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шараларын растауды, қолдауды және одан әрі нығайтуды жалғастыруы керек. Біз сенім мен қауіпсіздік шараларын дамыту мен нығайту әрқашан өзекті деп санаймыз және Қазақстанның осы мәселедегі белсенді рөлін құптаймыз».
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі үш күндік іс-шараны ҚР Қорғаныс министрлігі және ЕҚЫҰ Хатшылығының Қақтығыстарды алдын алу орталығымен бірлесіп, Ашхабадтағы ЕҚЫҰ Орталығының, ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі Бағдарламалар офисінің және ЕҚЫҰ-ның Душанбедегі Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Вена құжаты бойынша аймақтық семинарларды 2006 жылдан бастап ұйымдастырып келуде. Бұл шара ЕҚЫҰ сенім және қауіпсіздік шаралары жөнінде хабардар болуды арттыру және өңірдегі қауіпсіздікті арттыру бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің бір бөлігі болып табылады.