ЕҚЫҰ Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету бойынша семинарлар сериясын өткізуде
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/8/3/414221.jpg?1552640430)
2019 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет етуде полицияның жұмысын реттейтін заңнамалық актілер мен механизмдері туралы бір күндік үш семинар мен қоғамдық талқылаулар аяқталды.
Іс-шараларды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ІІМ) және «Подруги» дағдарыс орталығы ұйымдастырды.
Семинарлар барысында учаскелік полицияның 150-ге жуық қызметкері екі ұлттық сарапшылармен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу бойынша ең озық тәжірибені талқылады. Қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуді қамтамасыз ету бойынша ресурс негізінде азаматтық қоғамның қатысуымен құрбандарға көмек көрсетудің үздік тәсілдерін және олардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.
Бұл іс-шаралар ықтимал тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы істер жөніндегі қоңырауларға жауап беретін полиция инспекторларының әлеуетін арттыруға бағытталған. Оқу семинарлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, онымен күресуде және құрбандарға кәсіби әлеуметтік қызметтерді көрсетуде қабылдаушы елге және азаматтық қоғам өкілдеріне қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.