ЕҚЫҰ Орталық Азияда залалсыздандыру жөнінде өңірлік курсқа қолдау көрсетуде
2018 жылдың 16 қазанында Алматы қаласында «Залалсыздандыру бойынша қауіпсіз операциялар жасауға орынды тапсырыс берушінің қалыптасуы» атты 30-ға жуық әскери және азаматтық сарапшыларға арналған ЕҚЫҰ-ның он күндік өңірлік курсы басталды.
Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстаннан келген қатысушылар әдеттегі оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қауіпсіз және тиімді түрде залалсыздандыру бойынша халықаралық нұсқаулықтар мен озық тәжірибеге сәйкес өздерінің хабардарлығы мен дағдыларын жақсартады. Біріккен Корольдіктен келген сарапшы осы саладағы өз тәжірибесімен бөліседі.
Курстың теориялық бөлігі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы «Бейбітшілік үшін әріптестік» оқу орталығында (КАЗЦЕНТ), ал практикалық бөлігі Қапшағайдағы әскери нысанда өтеді.
Курсты Қазақстанның Қорғаныс министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі және ЕҚЫҰ-ның Душанбедегі бағдарламалар офисі ЕҚЫҰ-ның жарылғыш заттар қорларының қауіп-қатерлерін төмендету бойынша кешенді ынтымақтастық бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыруға байланысты проблемалар мен сын-қатерлерді шешу мақсатында Орталық Азия мемлекеттері арасында бірлескен механизмді дамытуда ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді қолдауының бөлігі болып табылады.