ЕҚЫҰ Қазақстанда терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша оқыту курсты қолдайды
2018 жылдың 15 маусымында Астана қаласында террористік желілерді қаржыландырудың жолын кесу және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларына сәйкес санкцияларды қолдану саласында Қазақстан Ішкі істер Министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратураның әлеуетін нығайтуға бағытталған бес күндік оқыту курсы аяқталды.
Аталған iс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, ЕҚЫҰ Хатшылығының трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету департаменті және Есірткі мен қылмыс жөніндегі БҰҰ-ның басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ мен БҰҰ ЕҚБ сарапшыларының жетекшілігімен оқу курсы лаңкестердің қаржы желілерін, қаржы ағындарын бұзуды зерттеуге, сондай-ақ осалдық және салдарды талдауға бағытталған болатын. Сонымен қатар БҰҰ санкцияларына ұсыныстар әзірлеу және ұсыну әдістері қарастырылды. Ауыздықталған сценарийлердің негізінде дәріскерлер нақты террористік қаржы желілерімен күресуге тергеу барысында пайдаланылатын құралдары және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту анықталды. Атап айтқанда, нұсқаушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1267, 1988, 1989, 2253, 2255 және 2368 қарарларын іс жүзінде сақтау мәселесіне көңіл бөлді..
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінiң тиісті басқаруды ілгерілетумақсатымен атқарыылп келе жатқан көп жылдық жұмысының нәтижесі болып, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.