ЕҚЫҰ Қазақстанда мүгедектігі бар тұлғалардың сайлау құқықтарын ілгерілетуде қолдау көрсетеді
2018 жылдың 15 наурызында Астана қаласында мүгедектігі бар тұлғалардың сайлау құқықтарын ілгерілетуге арналған дөңгелек үстел мен семинар өтті. Шара Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ОСК 65 мүшесі, Парламент, мемлекеттік органдар, облыстық әкімдіктер және сайлау комиссиялары, мүгедектігі бар тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне ұйымдастырылды.
Шара аясында мүгедектігі бар тұлғалардың сайлау құқықтарымен және 2015 жылы Қазақстанмен ратификацияланған мүгедектігі бар тұлғалар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес осындай құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі сайлау комиссиясының жұмысымен жүргізілетін ағымды жағдайға шолу өткізілді. ЕҚЫҰ сарапшысы Павел Кабаченко мүгедектігі бар тұлғалардың саясатқа қатысуына және ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерде оларды тәжірибелік қолданысына арналған халықаралық стандарттар мен қағидалар туралы баяндады. Мүгедектігі бар тұлғалар бірлестігінің өкілдері өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асыру барысында осындай тұлғалар соқтығысатын қиындықтармен және проблемалармен және оларды шешудің ықтималды шешу жолдарын талқылады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берик Имашев, Орталық сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы шарттар жасау мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылатын болады деп айтты.
«Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық алдында мүгедектігі бар тұлғалар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында айтылған қағидалар тәжірибесінде жүзеге асыру бойынша, атап айтқанда, олардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша үлкен міндет тұр», – деп Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо айтып өтті – «Осы санаттағы тұлғалар үшін дауыс беретін жайлар мен материалдар қолжетімді әрі ыңғайлы болып қана қоймай, сонымен қатар, активті де, пассивті де сайлау құқығын жүзеге асыруға арналған процедуралар тәжірибелік қолданыста қарапайым және мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес келетіндей қамтамасыз ету өте маңызды».
Дөңгелек үстелден кейін мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін дауыс беру құқығын қамтамасыз етумен байланысты сайлау кезеңінің әр түрлі кезеңдеріндегі проблемалар мен ықтималды шешімдерге арналған ҮЕҰ 40 өкіліне, облыстық әкімшіліктерге және сайлау комиссияларына арналған оқу семинары өткізілді.
Шара сайлау процестерінің ашықтығы мен есептілігін арттыру және ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелеріне сәйкес демократиялық институттарды нығайту бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмыстары аясында өткізілді.