ЕҚЫҰ Қазақстандағы қауымдастықтардағы зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күреске бағытталған полиция қызметінің мәселелері бойынша семинар ұйымдастыруда
30 қараша 2017 жылы Алматыда Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдаған полиция мен азаматтар арасындағы терроризмге апаратын зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен және радикалдандырумен (ТАЗЭР) күрестегі ынтымақтастықты нығайту бойынша үш күндік оқыту семинары аяқталды.
Алматының 28 учаскелік инспекторы мен оқытушысы қатысқан семинар мақсаты болып жергілікті қауымдастықтардың зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен және радикалдандырумен тудырылатын қауіптерді болдырмау және күресуге барынша белсенді қатысуы есебінен жергілікті полиция қызметінің қоғамдық қауіпсіздік мәселесін шешудегі мүмкіндіктерін күшейту табылды.
Литва және Қазақстан сарапшылары бар назарын жергілікті билік органдарымен іскерлесуді күшейтуге, қоғамның қауымдастықтардағы полиция қызметі жөнінде хабардар болуын арттыруға және учаскелік полиция инспекторлары арасында басқару мен қақтығысуларды шешу машықтарын арттыруға бөлді. Негізгі назар учаскелік полиция инспекторлары мен оларды адамның құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғай және құрметтей отырып, әлеуетті маргиналданған топтардың, соның ішінде әйелдермен, жастармен және түрлі этностық, мигранттық және діни қауымдастықтармен ТАЗЭР болдырмауда ынтымақтастықты жақсартуға бөлінді.
Оқыту семинарының қатысушылары арасында ЕҚЫҰ Хатшылығының Трансұлттық қауіптер Департаменті ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары Бюросымен (ДИАҚБ) бірлесе отырып әзірлеген «Лаңкестікті болдырмау және ТАЗЭР-мен күресу: Полицияның тұрғындармен іскерлесуіне негізделген әдіс» анықтамалығы таратылды.
«Бұл семинар учаскелік полиция инспекторлардың өздерінің радикалдандыруға, экстрмизмге және лаңкестікке қарсы күреске бағытталған әлеуметтік әріптестікті орнату бойынша функционалдық міндеттерін нәтижелі орындауға бағытталған кәсіпқой қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіндігіне сенімдімін» - деп ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы Академиясы басшысының орынбасары Жанат Дильбарханова атап өтті.
Қазақстандағы Канада Елшісі Николя Бруссо: «Біз түбегейлі принциптерге негізделген іс жүзіндегі білімді ұсынатын полицияның тұрғындармен зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес саласындағы өзара Іскерлесу бойынша осы курсқа бірлесе отырып демеушілік жасау жолымен осы әріптестік қатынастарды қуана жалғастырамыз. Алуан түрлілік пен инклюзияны, гендерлік теңдікті және адам құқықтарын ынталандыру Канаданың халықаралық саясаты негізінде жатыр. Ол канадалықтардың өзіндік сипаты болып табылады», - деп айтып кетті.
Елші Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысының айтуынша: «Өзінің функцияларының ерекшеліктеріне байланысты нақты жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әрдайым радикалдарға төтеп берудің «алдыңғы шегінде» болады және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен лаңкестік жолына түскендердің заңсыз әрекеттерін анықтап, болдырмау мүмкіндігіне нақты солар ие. Ортақ мәселелерді шешуде өзара түсіністікке жету үшін тұрғындардың түрлі топтарымен, соның ішінде жастармен тиімді іскерлесуді орнатып, нығайту аса маңызды».
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен және Қазақстандағы Канада Елшілігімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Ол Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі қауіпсіздікті нығайту және полиция қызметін қауымдастықтар деңгейінде насихаттау бойынша күш салуларының бөлігі болып табылады.