ЕҚЫҰ Батыс Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізуге қолдау көрсетуде
Чапаево а., Қазақстан, 17 сәуір 2017 ж. – Бүгін Батыс Қазақстан облысының Чапаево ауылында ЕҚЫҰ қолдауымен адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері мәселелері бойынша үш күндік оқыту бес семинарының ішіндегі біріншісі басталды.
230 астам Орал қаласының және Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Теректі аудандарының әкімдіктерінің өкілдері, судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және азаматтық қоғам мүшелері адам құқықтары жөніндегі түрлі институттардың рөлдері, соның ішінде тиісті жергілікті және халықаралық органдардың жеке шағымдарды қарастыруы жөнінде білетін болады.
Қатысушылар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адамды саудаға салу құрбандарына көрсетілетін әлеуметтік көмекті талқылайды. Басты назар еңбек заңнамасына енгізілетін жаңалықтарға, еңбек және әлеуметтік қақтығыстарды болдырмауға, бәсекелестіктен бас тарту жөніндегі шарттарға, әлеуметтік әріптестікке және қызметкерлердің тәртіптік және мүлік жауапкершілігі мен еңбек дауларын шешуге аударылатын болады.
Адам құқықтары жөніндегі Комиссия Хатшысы Тастемір Әбішев: «Адам құқықтары мен бостандықтарының түрлі аспектілері жөніндегі семинарлар бір жағынан, білім алу мақсаттарында және аймақтардағы құқықтық мәдениет деңгейін артыру үшін, екінші жағынан, жергілікті билік өкілдері мен азаматтық қоғам арасындағы іскерлесуді қалыптастыру үшін де бірдей маңызға ие», - деді.
«ЕҚЫҰ азаматтардың елдегі тұрақтылықты қолдауға маңызды адам құқықтары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған ұлттық бастамаларды қолдайды. Біз биыл Батыс Қазақстан облысында қорғау тетіктеріне арналған семинарлар топтамасын қуана бастап отырмыз», – деді ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо. Ол талқылауға белсенді қатысуға шақырып, семинар осындай тетіктерді жергілікті деңгейде бұрыннан да тиімді пайдалануға көмектеседі деп үміттенетіндігін айтты.
Іс-шара Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен прокуратурасының және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссиясымен ұйымдастырылды.
Іс-шара Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссиясы биылға жоспарлаған бес оқыту семинары топтамасының біріншісі болып табылады. Ол соңғы екі жыл барысында жеті облыстағы Қазақстандағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды насихаттауда адам құқықтары жөніндегі жергілікті мекемелерге қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді жұмысы аясында өткізілген ұқсас шаралардың жалғасы болып табылады.