ЕҚЫҰ Энергетика министрлігімен Стратегиялық экологиялық бағалауды Қазақстанда енгізу бойынша қызмет істейді
АСТАНА, 6 сәуір 2017 ж. – Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі хаттаманы Қазақстанда енгізу бойынша дөңгелек үстел бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен басталды.
СЭБ үкіметтермен әзірленетін даму стратегиялары, жоспарлары мен бағдарламаларының қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына әсер етуін талдау және талқылау үшін БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) әзірлеген кезең-кезеңнен тұратын рәсімдері болып табылады.
Іс-шараға Парламенттің, бірнеше министрліктің, дипломатиялық миссиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың 50-ге жуық өкілдері, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты. Олар СЭБ-тің құқықтық қолданылуын, сонымен бірге қалалық, көліктік және энергетикалық саладағы тәжірибе жүзіндегі іске асырылуын талқылады. Сонымен қоса, қатысушылар ұлттық заңнамаға шолу жасап, оны СЭБ ережелеріне сәйкес келтіру бойынша мүмкін жолдарды қарастырды.
ҚР Парламенті Мәжілісі (төменгі палата) Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы Глеб Щегельский былай деді: «Стратегиялық экологиялық бағалау климаттың өзгеруін ескеретін және қоршаған ортаны қорғау мен адамдардың ауқаттылығын қамтамасыз ететін «жасыл экономиканы» құрудың құралы болып табылады. Сондықтан стратегиялық экологиялық бағалаудың қолданылуын ескере отырып, «жасыл экономиканың» мәселелері мен келешегін талқылауда бүгінгі іс-шараның маңыздылығын баса айтамыз».
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо СЭБ-тің үкіметке өзінің даму стратегияларын әзірлеу кезеңінде қоршаған орта мен денсаулықты сақтау мәселелерін қарастыруға жәрдемдесетінін атап айтты. «Бұл элементтер жобаның тұрақты және қоғамның мүдделеріне сәйкес келуін анықтау үшін шешуші маңызға ие».
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Энергетика министрлігімен, БҰҰ ЕЭК, БҰҰ Даму бағдарламасымен, Еуропалық Одақпен және «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясымен серіктестікте ұйымдастырды. Бұл «жасыл» өсу мен тұрақты дамудың тұжырымдамаларын ілгерілету және қабылдаушы елдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Офистің көпжылдық жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.