ЕҚЫҰ Қазақстанда судьяларға арналған тұрмыстық зорлыққа қарсы әрекет ету бойынша семинардың өткізілуіне қолдау көрсетуде
ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисі 2017 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласында жыл сайынғы қайта квалификациялау курстарының аясында өткен судьяларға арналған тұрмыстық зорлық жағдайларын бақылау саласындағы оқыту семинарына қолдау көрсетті.
Оқыту курсы Қазақстанның Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының бірлесуімен ұйымдастырылды. Астана қаласындағы тұрмыстық зорлық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысқан 35 қатысушы тиісті қызметтердің жақында қабылданған стандарттарымен танысты.
2017 жылдың қаңтарында күшіне енген стандарттар мемлекеттік немесе үкіметтік емес ұйымдар зорлық құрбандарына көмектерін ұсынып, оның ішінде уақытша баспана ұсына отырып, ұстануға тиіс тәжірибе мен процедураларды нақтылайды.
Сарапшылар мен қатысушылар тұрмыстық зорлық құрбандарына әлеуметтік қызметтер ұсынылу үшін заңнамалық негіздерді, зорлық құрбандарының қабылдану және анықталу шарттарын, сондай-ақ зорлық құрбандарына көңіл бөліп, оларға қызмет көрсетудің минималды стандарттарды қарастырды. Бұдан басқа оқыту барысында тәжірибелік сабақтар мен модельдеу қамтылды. Бұл судьяларға құрбандардың ерекше мұқтаждықтары мен тұрмыстық зорлық құрбандарымен өзара ықпалдасу жолдарын жақсырақ түсінуге көмектесті.
Әлеуметтік қызмет стандарттарын ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ішінара қолдау көрсететін ведомствоаралық жұмыс тобы осы жылы әзірлеген болатын. Құжат қолданыстағы ұлттық заңнамаға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне, атап айтқанда ЕҚЫҰ гендерлік теңдікті алға тарту жөніндегі іс-қимылдар жоспарына (2004) және ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің әйелдерге қарсы зорлыққа жол бермеу және онымен күресу туралы шешіміне (2005) сәйкес әзірленді.
Оқыту семинары Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі мемлекеттік орандар мен азаматтық қоғамға тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және онымен күресуге қолдау көрсету және құрбандарға сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселесіндегі көп жылғы жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.