ЕҚЫҰ бүкіл Қазақстан бойынша құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтердің қызметкерлеріне арналған адам саудасымен күресу мәселелеріне арналған жаңа оқу семинарлар топтамасын бастауда
2017 жылдың 16 наурызында Қызылорда қаласында құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтердің 35 жуық қызметкерлері адам саудасымен күресудің тәжірибесі мен рәсімдері бойынша төрт оқу семинарының алғашқысына қатысты.
Семинар барысында ең алдымен, адам саудасының құрбандарына көрсетілетін жәрдемнің белгілері мен стандарттарына, тиісті ұлттық және халықаралық заңнама, төмен әлеуметтік жағдай мен маргиналдану адамдарды адам саудасының ықтимал құрбандарына қалай айналдыратыны, сондай-ақ азат болған құрбандардың қоғам ортасына оралуы мен оларға берілетін өтемақы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарлар топтамасы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ АҚШ Қазақстандағы елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылған. Аталмыш шараға жергілікті әкімдіктің өкілдері де қатысты.
Мұндай кездесулерді ағымдағы жылы Ақтау, Петропавл, Өскемен қалаларында да өткізу жоспарланған. Бұл семинарлар Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында өткен былтырғы кездесулердің жалғасы болып табылады.
Бұл бастама ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің халықаралық шарттардың аясында қабылдаушы елмен қабылданған міндеттемелеріне сәйкес адам саудасына қарсы әрекет қолдану бойынша құқық қорғау институттары мен азаматтық қоғамның назарын аударып, әлеуетін арттыру жолында атқарып келе жатқан көп жылдық жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.