Жаңалықтар
Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлаудың ДИАҚБ байқаушылары сәрсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізеді
АСТАНА 6 ақпан 2023
АСТАНА, 6 ақпан 2023 ж. – Сәрсенбі, 8 ақпанда ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) байқаушылары алдағы Қазақстан Республикасы парламентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі миссияның ашылуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді.
Не:
- Сайлауды және оның жоспарланған іс-шараларын бақылау бойынша ДИАҚБ миссиясының рөлімен таныстыру
Кім:
- Оуэн Мёрфи, ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының басшысы
Қашан:
- Жергілікті уақыт бойынша 15:00 (GMT +6) 8 ақпан 2023 ж.
Қайда:
- Сарыарқа 3-залы, 1-ші қабат, Radisson қонақ үйі, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4
Тіркеу:
- Тіркеу талап етілмейді, алайда сұрақтар тек журналистерден қабылданады.
ДИАҚБ-ның Қазақстандағы сайлауды бақылау қызметі туралы қосымша ақпаратты мына жерден қараңыз: https://www.osce.org/odihr/elections/kazakhstan
БАҚ-пен байланыс:
Егор Тилпунов, медиа талдаушы: [email protected], немесе +7 702 2193658