Жаңалықтар
Қазақстандағы кезектен тыс Президенттік сайлаудың ДИАҚБ байқаушылары сәрсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізеді
Астана 17 қазан 2022
АСТАНА, 17 қазан 2022 ж. – Сәрсенбі, 19 қазанда ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) байқаушылары алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі миссияның ашылуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді.
Не:
- Сайлауды және оның жоспарланған іс-шараларын бақылау бойынша ДИАҚБ миссиясының рөлімен таныстыру
Кім:
- Елші Урсула Гацек, ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының басшысы
Қашан:
- Жергілікті уақыт бойынша 15:00 (GMT +6) 19 қазан 2022 ж.
Қайда:
- Radisson қонақ үйі, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4, 1-ші қабат, Сарыарқа 3-залы
Тіркеу:
- Тіркеу талап етілмейді, алайда сұрақтар тек журналистерден қабылданады.
ДИАҚБ-ның Қазақстандағы сайлауды бақылау қызметі туралы қосымша ақпаратты мына жерден қараңыз: https://www.osce.org/odihr/elections/kazakhstan
БАҚ-пен байланыс:
Ружица Йованович, медиа талдаушысы: [email protected], немесе +7 701 387 33 40