Дереккөздер
ЕҚЫҰ-ның көші-қон жолдарында адам саудасымен күресу жөнінде орыс тіліндегі алғаш симуляция жаттығуы
23 сәуір 2019
2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күрес жөніндегі аймақтық хабта көші-қон жолдарындағы адам саудасымен күресу тақырыбында алғашқы рет орыс тілінде симуляциялық жаттығу өткізілді. ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күресудегі арнайы өкілі кеңсесі ұйымдастырған оқыту барысында 14 ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеті мен серіктестерінен келген 58 полиция қызметкерлері, тергеушілер, прокурорлар, мемлекеттік көші-қон мен әлеуметтік қызмет мамандары, еңбек инспекторлары, заңгерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері актерлердің көмегімен ойнатылған адам саудасының ахуалдарына жауап қайтарудағы дағдыларын жетілдірді. Бейне Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен жасалынды.