Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанның жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларының Норвегияға жұмыс сапарын ұйымдастырды
30 қаңтар мен 1 ақпан күндері Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы Норвегия Корольдігінің Елшілігімен бірігіп, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің Норвегияға сапарын ұйымдастырды.
Делегация Осло қаласында Норвегия Парламентінің мүшелерімен, Вице-президентпен кездесіп, әйелдердің саясаттағы және еңбек қызметіндегі құқықтары мен мүмкіншіліктеріне қатысты мәселелерді талқылады. Қазақстандық тараптың өкілдері Норвегия өкілдерімен сұхбатында ЕҚЫҰ бүкіл кеңістіктегі қауіпсіздігі мен ынтымақтастығындағы тәуекелдер мен қиыншылықтарға қарсы күрес заңнама субъекттерінің рөлі жөнінде сұхбаттасты.
Мұнымен қоса, делегация Балалар істері, теңдік және әлеуметтік интеграция жөніндегі министрліктің лауазымды тұлғаларымен және теңдік және кемсітушілікке қарсылық мәселелері жөніндегі Омбудсменмен, сондай-ақ Норвегия кәсіпорындары конфедерациясының мүшелерімен кездесті. Серіктестер сапалы заң шығару арқылы және саясат арқылы ерлер мен әйелдер үшін бірдей құқықтар мен мүмкіншіліктер мәселесі бойынша тәжірибе алмасты.
Қонақтарды әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде елдің саяси және экономикалық өміріне араласуын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ Норвегиядағы отбасы және демографиялық дамудың гендерлік аспектілеріндегі озық тәжірибе қызықтырды.
Қазақстандық топпен бірге сапарға Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клётцер аттанған еді.