ЕҚЫҰ демилитаризация, қауіпті құралдардың жарылыс тәуекелін қысқарту және жарылғыш оқу дәрілерді жою саласындағы Орталық Азиядағы қызметтестігін нығайтады
Астана, 2012 жылғы 21 қараша – ЕҚЫҰ «Қауіпті құралдардың жарылыс тәуекелін қысқарту және Орталық Азияда әрекет ету бойынша техникалық қызметтестік» атты екі күндік конференция бүгін Астанада өз жұмысын бастады.
Аймақтық конференция жұмысына 60 астам техникалық сарапшылар, 16 елдің әртүрлі ұйымдарының басқа да мүдделі тұлғалары қатысты. Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып табылады. Конференция Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Тәжікстандағы ЕҚЫҰ Бюросының және адам қауіпсіздігіне сенімді нығайтудың халықаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Конференцияда демилитаризация, қауіпті құралдардың жарылыс тәуекелін қысқарту және жарылғыш оқ дәрілерді жою мәселелері қарастырылады.
ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы кеңінен қатысуы, ЕҚЫҰ-да қауіпті құралдардың жарылыс тәуекелін азайту және әрекет ету саласындағы қызметтестігін күшейтуде негізгі рөлді атқару мүмкіндігін береді, деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная.
«Аймақтың ведомстволары мен мүдделі тараптары арасындағы тығыз әрекеттестікті талап ететін техникалық қызметтестік жерлердегі жағдайды жақсарту үшін өзгерістердің катализаторы ретінде қызмет етуі мүмкін».
«Ортақ диалог бізге жарылғыш заттарға байланысты ықтимал тәуекелдерді барынша төмендету үшін біздің күштерімізді жұмылдыратын негізгі бағыттарды айқындауға ықпал ететініне сенімім зор», деді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жанындағы қарулануды азайту және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталықтың Бастығының орынбасары Полковник Анарбек Ахметалин. «Бірігіп біз Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесімізді қоса аламыз әрі қосуға міндеттіміз».
2009 жылдан бастап ЕҚЫҰ қауіпті құралдардың жарылыс тәуекелінің қатерінен туындайтын мәселелер мен жағдайларды шешу үшін Орталық Азия мемлекеттері арасында және Ауғанстанда техникалық деңгейде қызметтестік механизмдерін қолдайды.