Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы көші-қонды басқаруды жетілдіруге атсалысады
Қазақстаннан келген сарапшылар тобы үшін көші-қонды басқару мәселелері бойынша бес күндік таныстыру визиті Минск қаласында 2012 жылдың 22 қазанында басталды. Бұл шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және офисі Астанада орналасқан Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйыммен (ХКҚҰ) ұйымдастырылды.
Қарағандыдағы ІІМ Академиясының лекторлары, үкімет және азаматтық қоғам өкілдері Белорусь әріптестерімен көші-қон, көші-қон саясатының гендерлік аспектілерін ескере отырып, халықаралық көші-қон заңнамасы, әлеуеттерді түзету және өсіру әдістері мәселелері жөнініде пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасады. Күн тәртібінде Минск қаласында Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі Академиясында және ХКҚҰ-да қызметтік отырыстар, сонымен қатар осы салада жұмыс жасайтын ресми тұлғалармен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер белгіленген.
Таныстыру визиті Қазақстан Республикасындағы еңбек көші-қонын басқарудың халықаралық тәжірибесін алға жылжытуға атсалысу бойынша ЕҚЫҰ Орталығы қызметінің бір бөлігі болып табылады.