ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы қылмыстық әділсот реформасына қолдау көрсетуде
АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН, 7 маусым 2012 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен өткен екі күндік дөңгелек үстел тақырыбы қылмыстық әділсот аясындағы реформа талпыныстарына арналды.
60 жуық Парламент, Конституциялық кеңес, Президент әкімшілігі, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, құқық қорғау органдары, сонемен қатар азаматтық қоғам және ғылыми орта өкілдері 2011 жылдың желтоқсанында өткен осындай кездесу нәтижесінде жаңа қылмыстық кодекстің жаңартылған тұжырымдамасын қарастыру үшін және қылмыстық заңнама реформасы аясындағы халықаралық озық тәжірибелерді қарастыру үшін кездесті.
«ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бөлігі болғандықтан ЕҚЫҰ Орталығы қылмыстық әділсот жүйесін жаңартуға ықпалдасатын құқықтық реформа туралы осындай кездесулерге қолдау көрсетеді», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы елші Наталия Зарудна.
«Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы талқылау әртүрлі қызығушы тараптарға өз пікірлерін жеткізуге мүмкіндік беретін болады», - деді Зарудна ханым. Сонымен қатар келісімді қылмыстық әділсот реформасын жүргізу үшін маңызы зор ұлттық қылмыстық заңнамадағы негізгі мәселелер бойынша бірлескен ұстаным қалыптастыруға осы басқосудың жәрдемдесетінін де атап өтті.
«Қылмыстық әділсот реформасының бір бөлігі болып табылатын жаңа қылмыстық кодекс жобасы көптеген озық элементтерді қамтыған. Алайда, бірнеше мәселелер қосымша зерттеуді қажет етеді. Бүгінгі басқосуға арнайы шақырылған халықаралық мамандар сол мәселелерді халықаралық тәжірибе тұрғысынан саралауға көмектеседі», - деді Игорь Рогов, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы.
Бұл іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, ҚР Бас прокуратурасы, Астанадағы Нидерланд елшілігі, Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоры, Еуропалық одақтың «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформасына қолдау» жобасы және «Адам құқықтары жөніндегі хартия» бей-үкіметтік ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.