ЕҚЫҰ орталығы Орталық Азияның орнықты даму мүддесіне сай білім саласын дамытуда
2012 жылдың 28 мен 30 маусымы аралығында Алматы қаласында орнықты даму мүддесіне сай білім жөніндегі аймақтық оқу курсы өткізілді. Аталмыш шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, БҰҰ-ys4 Еуропа Экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) және Швейцария үкіметінің қолдауымен Аймақтық Экологиялық орталығы ұйымдастырды.
Орнықты даму жолында өздерінің білім саласындағы ең үздік деген практикалары мен жинақтаған тәжірибелерімен бөлісу үшін білім және қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің ұлттық үйлестіру орталықтарын қосқанда, Орталық Азияның бес елінен жиналған 40 жуық қатысушы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, университеттер мен педагогикалық институттардың өкілдері жыл сайын өткізіліп тұратын шарада бас қосты.
Бұл шара ЕҚЫҰ Орталығының Орталық Азия елдеріне орнықты даму үшін, соның ішінде ұлттық іс-әрекет жоспарларының білім саласын ілгері дамыту жолында көрсетіліп отырған жәрдемдестіктің жалғасы деуге болады.