ЕҚЫҰ Орталығы Адам саудасының құрбандарын анықтау жөніндегі семинарлар сериясын бастайды
АЛМАТЫ, Қазақстан, 28 мамыр 2012 ж. – Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығымен ұйымдастырған адам саудасы құрбандарын анықтау тәжірибесін жақсарту бойынша аймақтық білім беру семинарлары сериясының бірінші семинары басталды.
Семинарлар ЕҚЫҰ адам саудасының болжамды және тікелей құрбандарын ерте анықтау бойынша алты айлық жобасының бір бөлігі болып табылады. Келесі семинарлар Тараз, Шымкент, Өскемен, Петропавл және Ақтау қалаларында жүргізіледі. Жоба аясында Ішкі істер министрлігімен және «Халықаралық құқықтық бастама» ҮЕҰ бірлесіп кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін реабилитациялық орталықтар мен күзетпен ұсталатын жерлерге адам саудасының тікелей жағдайларын анықтау нысанына мониторинг жүргізіледі.
Келесі екі айда 120-ға жуық аймақтық мемлекеттік қызметкерлер семинарға қатысатын болады. Әкімшілік және қылмыстық полиция қызметкерлері, сондай-ақ белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар мен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге арналған реабилитация орталықтарының мамандары адам саудасы жағдайларын қалай білуі қажет екенін, күдікті жағдайлар туралы қайта хабарлау қажет екенін және ықтимал құрбандарды қайта жолдау қажет екенін білетін болады. Қатысушылар сонымен қатар, адам саудасы құрбандарын тиісті түрде сәйкестендіру үшін арнайы индикаторлар мен бақылау парақтарын қалай қолдану қажет екенін біледі.
«Полиция қызметкерлері күн сайын әртүрлі құқық бұзушылықпен кездеседі. Егер олар адам саудасы саласында маманданбаса да, олар мұндай қылмыстардың ең маңызды белгілерін тани білуі, құрбандарды анықтап, оларды тиісті органдарға жолдауы қажет», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі, Штефан Бухмайер. «Біз осы білім беру семинарлары билік органдарына адам саудасы құрбандарын анықтау процедурасын жетілдіруге жағдай жасайды деген үміттеміз».
«Халықаралық құқықтық бастама» ҮЕҰ Президенті, Айна Шорманбаева былай деді: «Адам саудасы құрбандарын анықтаудың пәрменді жүйесі адам саудасы жағдайларын сәтті зерттеу үшін шешуші мәнге ие, сондай-ақ адам саудасы құрбандарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың әділ сотқа және қажетті қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болып табылады».
Бұл семинарлар Орталықтың Қазақстанға адам саудасымен күресте көмек көрсету бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылады.